Ақтауда үстіне диван құлап кеткен ер адам көз жұмды
Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап, мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған ер адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі

Туысының айтуынша, ол ағасының көз жұмғанын 26 тамызда дәрігерлерден білген.
"Германия мен Ресейден мамандарды шақыруға мәжбүр болдық, өйткені Қазақстаннан бірде-бір дәрігер оны қысымның асқынуына байланысты қабылдаған жоқ. Біз қайда бармадық",-дейді марқұмның бауыры.
Ол осы жағдайға кінәлі адамды әдейі “жасырып отыр” деп есептейді.
- "Бұл бірінші жағдай емес": Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған ер адаммен болған оқиғаны куәгерлер баяндады
- Омыртқасын ауыстырған: Ақтауда үстіне диван құлап кетіп, сал болып қалған азаматқа ота жасалды
Еске салайық, 2023 жылғы қаңтар айында Нұрлан Тәжібаевтің үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен. Ауыр соққыдан жерге құлаған ер адам есінен танып қалған. Сонымен қатар мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғағанымен, күдіктіні әлі күнге дейін таба алмай отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі