Ақтауда түнде ауруханадан 470 адам эвакуацияланды
Маңғыстау облыстық ауруханасында 20 қыркүйекте түнде 470 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 22:38-де аурухананы түтін басқаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына келгеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесі иесінің медбике шаруашылығы бөлмесінің желдету каналында жану ошағы табылды. 470 адам эвакуацияланды, оның 150-і ТЖД күшімен", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Жарақат алғандар жоқ. Тұтану ошағы 23:31-де сөндірілген. Қазір облыстық аурухана штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар