Ақтауда толассыз жаңбырдан кейін асфальт жол опырылып түсті
Бүгін, 26 наурызда Ақтау қаласының 21-шағын ауданындағы "Строитель" гараж-құрылыс кооперативі жанында ойылып қалған асфальт жолды тұрғындар бейнежазбаға жазып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Орын алған оқиғаға байланысты "Каспий жылу су арнасы" директорының орынбасары Ислям Үсенов түсініктеме берді.
"Бұл мекенжайда кәріз коллекторының екпіні соғып, салдарынан асфальт опырылып түскен. Қазіргі уақытта периметр бойынша қоршаулар орнатылды. Жөндеу жұмыстарын бастаймыз", - деп уәде берді Үсенов.
Үсенов атап өткендей, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Дереккөз Lada.kz
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді