Ақтауда тоқ соққан адамға жедел жәрдем келмей қойған (видео)
Мұнайлы ауданында ер адамды тоқ соғып, куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Алайда жедел-жәрдем келмей қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ер адам электр өткізгіш мұнарасында электр сымдарымен жұмыс істеп жатқан. Бір кезде электр сымдары оның үстіне түсіп кетті. Ер адамды тоқ ұрып, ол жерге құлап түсті. Куәгерлер зардап шеккен адамның жанына жақындаудан қорықты. Өйткені басқаларын да тоқ соғуы мүмкін еді", - деді оқиғаның куәгері Әділ Түркменбаев.
Куәгерлер жедел жәрдем шақырған, бірақ медициналық бригада келмей қойыпты. Әділ Түркменбаев жедел жәрдемге өзі барып, дәрігерлерді шақыруға мәжбүр болған. Куәгер оқиғаны видеоға түсіріп алыпты.
Нәтижесінде жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Ер адамның жағдайы әлі белгісіз.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар