Ақтауда TikTok түсіремін деп суға батқан жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарады
Әлеуметтік желіде видео түсіремін деп суға батқан колледж студентінің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.

Кадрлар қайғылы оқиғаның алдында ғана түсірілген. Желіде тараған видеодан жігіттің суға секіру үшін ұзақ дайындалғанын көруге болады. Бұдан кейін жігіт суға бірнеше рет секірген.
Айта кетейік, Ақтауда 7 маусымда 2004 жылы туған колледж студенті теңізге батып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жігіт кезекті рет суға секірген соң қайта жүзіп шықпаған.
Жігіттің денесін Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері іздеген. Марқұмның мәйіті 6 метр тереңдіктен табылды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты