Ақтауда күйеуі әйелінің көңілдесін өлгенше сабаған
Ер адам Ақтауда әйелінің сүйіктісін өлгенше сабаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғын қызғаныштан әйелінің көңілдесін өлтіріп, ұялы телефонын ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша үкім Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды. Іс материалдары бойынша, қызғаныштан күйеуі 2021 жылы жаңа жыл мерекесі қарсаңында кешке әйелінің бірге тұратын адамының пәтеріне келген. Сөйтіп өлгенше сабап, тепкінің астына алған. Кейін ол жәбірленушіден құны 20 000 теңгені құрайтын Nokia ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Сот үкімімен ол кісі өлтіру және ұрлық бойынша кінәлі деп танылды. Оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі