Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көп балалы отбасы аяқ киім жөндейтін вагон ішінде тұрып келген

Маңғыстау облысында көп балалы отбасы баспаналы болды. Бұған дейін 4 балалы жанұя жылу мен сусыз әрі жарықсыз, пластиктен жасалған аяқ киім жөндейтін дүңгіршекте күн кешіп келген.

iw-13

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Үйдің кенжесін Айтбике осы тар бөлмеде жарық дүниеге әкелген. Отбасы осыдан 20 жыл бұрын атамекенге Түркіменстаннан қоныс аударыпты. Баспана жалдап жүрген олар отағасы жұмыссыз қалғанда, осындай ауыр хәлге тап болған. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына жағдайын айтып келген отбасына партиялықтар көмек қолын созған. Қазір балалардың ата-анасы балабақшаға жұмысқа тұрып, 3 жасар баласы да осы бақшаға қабылданыпты. Отбасы жатақханада үйдің кезегі келгенше тегін тұрады.

1940888

“Мен “Нұр Отан” партиясына келіп, біздің отбасымызға, соның ішінде отағасының айлық алу мәселесіне көмек қолын созуды өтіндім. Себебі соңғы уақытта бізге айлық төлегенді мүлде тоқтатқан болатын. Біржола басымыздағы қиыншылықтарды да айтып бердім. Бізге көмсектесті. Біз үшін бұл үлкен бақыт, балаларымыздың қуанышында шек жоқ”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Айтбике Әбішева.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде сыныптастары аяусыз соққыға жыққан баланың миында қауіпті ісік пайда болды

Алматыда ішінде зиянды сынабы бар жарық шамдар қоқыс айналасында шашылып жатыр

Алматыда ішінде зиянды сынабы бар жарық шамдар қоқыс айналасында шашылып жатыр

Талқылау