Алматыда ішінде зиянды сынабы бар жарық шамдар қоқыс айналасында шашылып жатыр

Алматылықтар жарық шамдарының көшеде ашық-шашық жатқанына алаңдайды. Себебі, электр лампаларының құрамында сынап бар. Ал, жарамсыз боп қалған шамды тастайтын арнайы қоқыс жәшігі жоқ.

1940888

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Алматылық Қайрат Жұмағараев мынадай энерго үнемдеуші шамды арнайы дүкеннен сатып алған. Саудагерлер оған лампаның құрамында сынап барын ескертіп, істен шыққанда арнайы орынға өткізуі қажеттігін айтқан. Тіпті, бірнеше мекен-жайды да көрсеткен екен. Алайда, Қайраттың айтуынша, қалада сынабы бар жарық шамын тастайтын бірде-бір контейнер жоқ болып шыққан. Сондықтан, ол зиянын біле тұрса да, қолындағы лампаны үй маңындағы қоқыс жәшігіне лақтыруға мәжбүр болыпты.

«Жұмысымның жанында, яғни «Орбита» ықшам ауданында мұндай шамдар тастайтын арнайы контейнер бар екен. Бірақ, ол жерді ешкім қадағалап жатқан жоқ. Контейнер сынабы бар шамға толып кеткен. Сыймағаны маңайында шашылып жатыр. Аулада балалар ойнайды. Төгілген сынап болса, олардың денсаулығына қауіп төнеді ғой. Осы мәселе шешілсе деймін»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Қайрат Жұмағараев.

Құрамында сынабы бар жарық шамдарын утилизациялаумен Алматы қаласында тек 2 мекеме ғана айналысады. Соның бірі, «Алматыэкологоқұрылыс» мекемесі. 2009 жылдан бері жұмыс істейтін кәсіпорын зиянды элементі бар шамдарды Ресейден алдыртқан  арнайы қондырғыда жояды екен. Машинада бір мезетте 250 лампа бөлшектеледі және 1 сағат уақытты алады.

«Жойғанда сынап бөлек ыдысқа түседі, шынылар бөлек ыдысқа түседі. Яғни, ол ешқандай халыққа және ауаға ешқандай зияны жоқ. Ал, егерде ол лампаларымыз сынып қалса, онда әрине халыққа және де ауаға зиян келтіреді»,- деді «Алматыэкологоқұрылыс» МКК басшысының орынбасары, Әсел Аздарова.

Бұл цехқа қауіпті шамдарды мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғалар ғана өткізеді екен. Өткен жылы мұндағы жұмысшылар 103 мыңға жуық сынабы бар электр шамының көзін жойған. Кәсіпорын әрбір шамды 70 теңгеден қабылдайды. Ал, қала тұрғындары әкелсе, тегін утилизация жасауға дайынбыз дейді мамандар.

«Халық көбінесе білмейді, яғни ол сынаптың зиянды екенін. Сондықтан да, көбісі мусорға барып лақтырады. Негізі оларды бізге, осындай арнайы мекемеге өткізу керек. Кейбір ғана адамдар білетін адамдар, олар бізге алып келеді. Қаншалықты алып келсе де, біз қабылдап олардан осы жерде ары қарай утилизациясын жасаймыз»,- деді «Алматыэкологоқұрылыс» МКК басшысының орынбасары, Әсел Аздерова.

Жарық шамдарының ішіндегі шамдардан цех қызметкерлері 2009 жылдан бері 4 келі сынап жинапты. Бірақ, қауіпті элементті қайда жіберерлерін білмей отыр. Өйткені, Қазақстанда сынапты ешкім қабылдамайды дейді мамандар. Ал, қала көлемінде сынабы бар жарық лампаларын тастайтын арнайы контейнерлердің қашан болары белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Сотталған бұрынғы полицей Өтеуов түрме басшысын шалып құлатып соққыға жыққан

4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)

Алматы облысында 18 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қарағандыда әйел көңілдесімен бірге өзінің екі жасар қызын ұрып өлтірді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр