Ақтауда қаңғыбас иттер жағалауда демалушылар мен тұрғындарға шабуылдап жүр
Ақтауда қаңғыбас иттер жағалауда демалушыларға шабуыл жасауда. Тұрғындар олардың қала жұртшылығына да қауіп төндіретінін айтып, дабыл қағып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының айтуынша, салынып жатқан таунхаустар мен Марракеш жағажайының маңындағы тұрғын үйлердің маңында қаңғыбас иттер күнде шоғырланады. Олар сол аймақта өтіп бара жатқандарға шабуыл жасайды.
1-ші ықшамауданның тұрғыны күйеуі екеуі жағалауда келе жатқан қызға иттердің қалай шабуылдағанын байқаған.
"Бәрі күтпеген жерден болды. Қыз қорқып, айғайлай бастады. Отыра қалып, бетін қолымен жауып алды. Бақытымызға орай, жақын жерде спорт алаңында жаттығу жасап жүрген жігіт көмекке барып, иттерді қуды. Қыз есеңгіреп қалды. Жігіт оны жолға дейін шығарып салып, таксиге отырғызды", — дейді 1-шағын ауданның тұрғыны Елена.
Өткен аптада жергілікті тұрғын Руслан сол аудандағы иттердің екі балаға қалай шабуыл жасамақ болғанына куә болған. Қайта ата-аналары жақын маңнан табылып, оқиғаның алдын алған.
Ветеринарлық станция әзірге жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?