Ақтауда ер адамның үстіне лифт құлап, оқиға орнында көз жұмды (видео)
Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адамды басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін түнгі сағат 01:10-да 3-шағын аудандағы ғимараттардың бірінде болған. Ер адамның үстінен лифт құлап, оқиға орнында көз жұмды.
"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) Ақтау қаласы полиция басқармасына тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады облыстық полиция.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі