Ақтауда ер адам мен әйелдің ұрысы видеоға түсіп қалды
Ақтауда ер адам мен әйел ұрыс шығарды. Оқиға видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Кадрларда ер адамның әйелді қалай шашынан ұстап, оны қолымен ұрғанын көруге болады. Айналасындағы адамдар оларды ажыратуға тырысады. Нәтижесінде әйел ер адамның қолынан қашып үлгерген.
Қалалық полиция ешкімнен арыз түспегенін және облыстық ауруханаға ешкім бармағанын атап өтті.
Учаскелік полиция инспекторлары жанжалға қатысушыларды анықтады. Әйел мен еркек бірге тұратын адамдар болып шықты. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
