Ақтауда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жықты
Әлеуметтік желіде бір топ баланың қатарласын өлімші етіп сабаған бейнежазба тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Оқыс жағдайдың 14 маусым күні 16 шағынауданда сағат 21:40-та болғаны белгілі болды. Оқиға орнында түсірілген видео Telegram-дағы "Цензура112-Ақтау" парақшасында жарияланды.
Бейнежазбадан жасөспірімнің екінші баланы жүгіріп келіп аяусыз ұрған сәтін көруге болады. Оған тағы екеуі қосылып, жасөспірімді тепкінің астына алды. Видеода қатарластарынан зәбір көрген баланың жан даусы шығып жатыр. Балалар арасындағы жанжалды көрген ересек адам айғайлағанда үшеуі жан-жаққа қашып кетті.
Бұған дейін Арман Шораевтың Астанада азаматтық некедегі әйелін соққыға жыққаны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар