Ақтауда бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды
Оқыс оқиға 25 сәуір күні кешке 17-шағын ауданда болған. Төрт жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай 25 сәуірде, шамамен сағат 18:00-де 17-шағын аудандағы "Дукат" тұрғын үй кешенінде болған.
Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
“Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін 17 сәуірде №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы білім ошағының төртінші қабатының терезесінен секіріп кеткені туралы жазған едік.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес