Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
23 желтоқсанда энергетикалық комбинатта төтенше жағдай орын алып, жұмысшы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның үстіне құбыр құлап кеткен.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Конвейер сүзгісі тартып кеткен: Алматы облысындағы кәсіпорында жұмысшы әйел қаза тапты
"Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін "Майқайың-Алтын" кенішінде жұмысшы жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапқаны туралы жазған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"