AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 15 миллионға орнатылған жасанды қызғалдақ алқабының орны қаңырап бос қалды

Ақтауда 15 миллион теңгеге орнатылған жасанды қызғалдақ алқабының орны қазір қаңырап бос тұр. Былтыр қазан айында қала әкімдігі арнайы тапсырыспен пластик гүлдер еккен еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шенеуніктер жасанды гүлзар түнде жарық шамдарымен безендіріліп, қалаға көрік береді деп сенген. Алайда миллиондар жұмсалған жасанды гүлдердің көп ұзамай тоқтары үзіліп, мүлдем жарамсыз болып қалды. Одан соң, қызғалдықтың орнына пластик көгал қойылды. Бірақ ол да балалардың ойын алаңына айналып, бұрынғы кебін қайта киді.

Айта кетсек, қызғалдақтар салынған кейін әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындарына эстетикалық көрініс тарту етіп, өңірге туристерді тарту үшін салынған "гүл бағы” құлап жатқаны туралы ақпарат тарады. Халық құрылыстың сапасыздығына наразылықтарын білдірген болатын. 



Басынан бастап-ақ газонның орнына пластиктен жасалған инсталяция тұрғындардың ашуын тудырған. 

Инсталляцияның ауданы 200 шаршы метрді құраған. Жобаны іске асыру құны 15 404 000 теңгеге бағаланған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр