Ақтау жағалауындағы пальма ағаштары құлай бастады
Ақтауда пальмалар құлай бастады. Тұрғындар жағалау белдеуінде балюстрадалардың бойында жатқан жасанды жапырақтарды суретке түсіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жапырақсыз пальма ағашы жұпыны болып көрінеді. Ауа-райы әлі бұзылады, жағалаудың сәні болып тек жалаңаш діңдер қала ма?,- деп шағымданды Аделя 5 шағын ауданының тұрғыны.
Көп пальмаларда жапырақтардың басым бөлігі түсіп қалған.
Еске сала кетейік, Ақтаудағы 14-ші шағын аудандағы алғашқы пальмалар 2019 жылдың ақпан айының ортасында пайда болды. Қалада әр 15 метр сайын жағалау бойымен 100 пальма ағашы орнатылды. Әрқайсысының биіктігі – 11 метр.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді