Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетінен сүйіп, шоколад ұсынған": Ақтау тұрғындары ер адамның аулада жүрген балаларға тиіскенін мәлімдеді

Ақтаудағы 26-шағынауданның тұрғындары аулада жүрген балаларға ер адамның тиіскенін мәлімдеді. Полиция күдіктіні әкімшілік жазаға тартпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі InАktau.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

бала

Мас күйде болған ер адамның балаларға тиіскені туралы ақпарат 26 шілдеде тарады. Жергілікті тұрғынның сөзінше, балалар ер адамның қызды сүйіп, шоколад алып беруге уәде бергенін айтыпты. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше 47 жастағы ер адамның балаларға тиіскені туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келген қызметкерлер оған қатысты екі хаттама толтырыпты. Бірі қоғамдық орында тиіскені үшін, екіншісі қоғамдық орында алкоголь тұтынғаны үшін. 

"Әңгіме барысында 47 жастағы ер адамның балаларға тиіскені анықталды. Аталмыш азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 3-бөлігі және 449-бабы бойынша хаттама толтырылды", – делінген ақпаратта. 

Бұл баптарға сәйкес күдіктіге 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. 

Талқылау