Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау сотының төрағасы ұсталды: Антикор істің мән-жайын түсіндірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтау сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллиннің не себепті ұсталғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Ақтау сотының төрағасы ұсталғанын мәлімдеді.

“Ақтау тұрғыны өзінің сенімді адамы арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат алған. Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.



Еске салайық, бұған дейін Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғанын хабарлаған едік. Ол 2020 жылдың қаңтарында Ақтау қалалық сотының басшысы болып тағайындалған. 

Талқылау