Ақтау қалалық сотының төрағасы қамауға алынды
Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғарғы соттың мәліметінше, ұстау операциясын жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Антикор бірлесіп ұйымдастырған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратта оның қылмыстық іс бойынша "мәселені шешу үшін" 18 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін ұсталуы мүмкін екені айтылған.
Өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған азамат пара алу кезінде ұсталды
Бауыржан Шайдуллин 2020 жылдың қаңтарында Ақтау қалалық сотының басшысы болып тағайындалған.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында бұрынғы әскери қызметкердің адам ұрлап, оны қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды