Ақтау халқы жауын тілеп, тасаттық рәсімін өткізді
Ақтауда халық жаңбыр тілеп, тегіз жағасына намаз оқуға жиналды. "Тасаттық" (жаңбыр шақыру) рәсімін облыстық мешіт ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рәсімді өткізу уақыты бүгін 24 сәуірге, сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін жоспарланған.
"Тасаттық – ертеден келе жатқан салт. Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық кезінде адамдар жауын тілеп, қошқар сойған.
- Қазақстанды жазда тағы да қуаңшылық күтіп тұр
- "Талабымызды орындамаса, митингіге шығамыз": Маңғыстаулық шаруалар жанайқайын жеткізді
Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құдайдан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады. Тасаттыққа жиналған қауым діни рәсімдерді атқарумен қатар жиынның соңын мереке сауыққа айналдырады.
Орта Азияның көптеген халықтары сияқты қазақтар арасында да салт-дәстүрдің негізгі қатысушысы – имам, ол жоғары күштерге жауын жіберуді сұрайды.
Тасаттық сөзі араб тілінде құрбандық деген мағынаны білдіреді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар