Ақтау әуежайында иесіз сөмке жолаушылардың зәресін алды
Ақтау халықаралық әуежайында иесіз сөмке жолаушылардың зәресін алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Көлік полициясының мәліметінше, әуежай аумағындағы қоқыс жәшігінің жанынан табылған сөмкенің кесірінен 400-дей жолаушы далаға шығарылған. Тіпті, куәгерлер әуежайға бірнеше жедел жәрдем мен полиция көліктерінің кіргенін айтады.
Ал борттағы жолаушылар әлеуметтік желіде рейстердің кешіктіріліп жатқанын жазған еді.
Көлік полициясының хабарлауынша, Ақтаудан Шымкентке шыққан жолаушының жүгі рұқсат етілген салмақтан асып кеткен. Артық жүкке төлейтін ақшасы болмаған азамат сөмкені әуежайға тастап кетіпті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
