Ақсулық жасөспірімдер жүргіншілер жолағында жатып, полицияның назарына ілікті
Ақсу қаласында жүргіншілер жолағында жаттығу жасап, көңіл көтерген жасөспірім балалар видеоға түсіп қалды. Олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеоны @aksu.ermak паблигі жариялады. Онда балалар кеудені жерден итеріп, жүріп бара жатқан көліктің алдында аударылып төңкерілген.
Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыларды анықтады. Олар 2004 және 2005 жылдары туған колледж студенттері болып шықты.
Олардың заңды өкілдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615 бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жауапқа тартылды.
Ол бойынша тәртіп бұзушы 2 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлеуге міндетті (5 834 тенге).
Полицейлер балалардың мұндай типтегі әрекеттері өздері мен айналасындағыларға қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан