Павлодар облысында ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратқан
Жаңа жыл қарсаңында ерекше балалардың құрметіне орай ұйымдастырылған ертеңгілікте мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылды. Болған жағдайға кінәлі адамды Павлодар облысының білім басқармасы анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Балалардың ата-анасы сыйлыққа берілген тәттілердің қатты екенін, тіпті одан күмәнді иіс шығатынын айтып шағымданған.
Сыйлықтар жаңа жыл қарсаңында жеткізіліп, оның құнын өңірдегі кәсіпорындардың бірі төлеген. Болған жағдайдан соң білім басқармасының бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловқа тәртіптік жаза ретінде ескерту берілді.
- "Қауіпті ингредиенттер болған": БҚО-да балалар дүкеннен алған қытай кәмпиттерінен уланып қалды
- "Жақсылық шыршасы": Елорданың кішкентай тұрғындары бағалы сыйлықтарға ие болды
Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов пен білім бөлімінің басшысы ертеңгілікке келген ерекше балалар мен ата-аналардан кешірім сұрады.
Қайрат Смағұловтың айтуынша, зауыттардың Ақсулық ерекше балаларға тәттілер таратып жүргеніне сегіз жыл болған. Алайда мұндай жағдай жағдай бірінші рет болып тұрған көрінеді.
Талқылау

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады