Ақсу зауытында екі жұмысшы күйік алды
Ақсу ферроқорытпа зауытының екі жұмысшысы термикалық күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Aksu.ermak Instagram-парақшасы
Зауыт баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 24 мамырда болған.
"Жұмыс барысында екі краншы термиялық күйік алды. Зардап шеккен қызметкерлердің бірі Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, екіншісі тексерілгеннен кейін үйіне шығарылды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды", – деп түсіндірді Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі.
Кәсіпорын жұмысшыларға қажетті көмек көрсететіні атап өтті. Зардап шеккен қызметкердің жағдайы, сондай-ақ зауытта не болғаны және жұмысшылардың неліктен жарақат алғаны әзірге хабарланған жоқ.
Желіде өндіріс орнында қою қара түтін тұрған фото пайда болды. Зауыт аумағында өрт шықты деген болжам бар.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?