"Ақшаны көңнің арасына жасырған": Алматыда ер адам 250 мың доллар бар сейфті ұрлап кеткен
Алматыда кәсіпкердің үйінен ірі көлемдегі ақша салынған сейфті ұрлаған 34 жастағы ер адам ұасталды. Медеу ауданының полицейлері күдіктіні анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:polisia.kz
1989 жылы туған Алматылық тұрғын бөтеннің үйіне терезе арқылы жасырын кіріп, ірі көлемдегі ақшасы бар сейфті ұрлап кеткен. Қылмыс жасалған кезде пәтер иелері демалыста болған. Үй иесі жеке кәсіпкер болып шықты. Сейфте 250 мың доллар ақша болған.
“Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Күдікті ұрланған ақшаны көңнің арасына жасырып қойған.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін хабарлады полиция басқармасы.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”