"Ақша жоқ": Бейбіт Көшқалиев әншілікті тастап, ауылға қайтпақ болған кезін еске алды
Бейбіт Көшқалиев өнер жолында кездескен қиын жағдайы туралы айтты. Әнші бір кездері әншілікті біржола тастап, ауылға қайтпақ болған. Алайда әріптес, достарының қолдауымен ақыры қалада қалып, клип түсірген. Тек дәл түсірілім болатын күні белгілі музыкант Батырхан Шүкенов қайтыс болып, әнші әріптестерінің алдында ыңғайсызданғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әрбір жұмыс, жоба білесіздер мінез, қарым-қатынас, мәміле, сұқбаттан тұрады. Сол жылдарды (2015) @zhanar_dugalova Баян Мақсатқызының қарамағында болды. Баян ханымға рұқсат алуға телефон соғып, Жанарды сұрадым. Баян ханым қыздарын анау-мынау жобаларға бермейді деп естіген едім. Уайымдап кеткенсің ғой. Әнде Жанардың дауысы болған. Өзінің болғанын қалаған едік. “Уфф” рұқсат береді. Жанар да келісті. Сол жылы (1.05.2015) тағы бір сынақ марқұм Батырхан ағамыз дүниеден өтті. Дәл сол күні (1 мамыр) жаназасы еді. Жанар бізге “не болды сонша қайғылы күні түсіріп” деп, ренжіді. Әрине, түсінеміз. Бірақ жоба ақшада құралғасын тоқтату мүмкіндігі болмады", – деп жазба қалдырды Көшқалиев желідегі парақшасында.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді