Ақша таратып жатыр: Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтты. Олар электронды хаттар мен телефон қоңыраулары арқылы ақша сұраса аудармау керек екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк ақша таратып жатпағаны туралы айтқан. Бұл алаяқтардың хабарламасы екені белгілі болды.
"Орталық банктер жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді. Ақшалай операцияларды жүзеге асырмайды. Қазақстан Ұлттық банкіндегі банктік есепшоттарды тек ҚҰБ, екінші деңгейлі банктер мен заңды тұлғалардың шектеулі сандық операцияларын есепке алу үшін ашуға болады. Сонымен қатар, біз Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғалардың банкноталарын, монеталары мен құндылықтарын жинауды жүзеге асырмайтынын хабарлаймыз", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақша қаражатын жіберуді сұраған күдікті хаттар келген кезде құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз керек.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған