Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жекпе-жек өткізген Айдос Ербосынұлы комаға түсті (видео)

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы 5 қарашада АҚШ-та өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға түсті. Ол кубалық Дэвид Моррел-кішімен жұдырықтасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айдос Ербосынұлы

Отандасымыз Minneapolis Armory кешенінде суперорта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу үшін кездесу өткізген. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Бұған дейін жеңіліп көрмеген Айдос Ербосынұлы раундың аяқталуына 30 секунд қалғанда нокаутқа түсті. 

"Ербосынұлы комада жатыр", – деді ардагер боксшы Дэн Рафаэль. 

TGB Promotions пен PBC промоушенінің өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте екенін мәлімдеді. 

"Біз жағдайды мұқият бақылаудамыз. Оның жеке өміріне және отбасының жеке өміріне деген сыйластыққа байланысты анық-қанығымен бөлісе алмаймыз. Алайда бокс қауымдастығынан дұғада болуларыңызды сұраймыз", – делінген мәлімдемеде. 

Көп ұзамай Айдос Ербосынұлы жатқан ауруханаға қарсыласы Дэвид Моррел де келді. Боксшы қазақстандықтың денсаулық жағдайын білген. Ал аурухана өкілдері жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеген. 

Талқылау