Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ұшақ қала ортасына қонып, екі автокөлікпен соқтығысты (видео)

Флорида штатында бір ұшақ және екі автокөліктің қатысуымен болған жол апаты тексеріліп жатыр.

Бұл туралы Fox 13 хабарлайды.

Екі моторлы Cessna ұшағы автомобиль жолына шұғыл түрде қонып, екі көлікпен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан бес адам жеңіл жарақат алып, оның үшеуі ауруханаға жатқызылған. Ауруханаға ұшақ бортында болған екі, көлікте болған бір жолаушы жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі таңда авиациялық билік пен полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау