АҚШ-та Капитолийге қайта шабуыл жасалды: Қаза тапқандар бар
АҚШ астанасы Вашингтонда бір адам көлікпен Капитолийге басып кірмек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол көлікпен ғимарат алдындағы тексеру бекетінде тұрған екі полицейді қағып өткен. Салдарынан біреуі қайтыс болды.
Жүргізуші артынша полицейлерге пышақ ала жүгірген сәтте тәртіп сақшысы оны атып тастады.
Полиция мәліметінше, көлікпен шабуылдаған азамат өміріндегі қиындықтарына мемлекетті кінәлаған Ноа Грин есімді адам болуы мүмкін. Қазір құқық қорғау органдары көлік жүргізушісінің бұл іс-әрекетінің себебін анықтап жатыр.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық