Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Джордж Флойдты өлтіргені үшін сотталған бұрынғы полиция қызметкерін түрмеде пышақтап кетті

Аризона штатында Джордж Флойдты өлтіргені үшін сотталған бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовинді түрмеде пышақтап кеткен. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дерек Шовин коллаж

Бас прокурор Кит Эллисонның сөзінше, Дерек Шовин өз қылмысы үшін тиісті түрде сотталды "және кез келген тұтқын сияқты ол кек алудан немесе зорлық-зомбылықтан сақтандырылуы керек". Оның айтуынша, бұрынғы полицейдің жағдайы тұрақты.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздері Sky News-ке Шовиннің "ауыр жараланғанын" айтқан. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, ол "сауығып кетеді”.

Экс-полицейдің адвокаты Грег Эриксон шабуыл туралы ақпарат құралдарынан білгенін, бірақ түрме басшылығымен әлі байланыса алмағанын жеткізген. Бұған дейін ол өз клиентін жалпы камераға жатқызбауды талап еткен, өйткені ол "нысанаға” айналуы мүмкін екенін атап өткен.



Еске салайық, Джордж Флойд 2020 жылы 25 мамырда қайтыс болды. Ол Миннеаполис дүкенінен кеңсе қызметкері жалған деп есептеген 20 долларлық купюрамен бір қорап темекі сатып алады. Флойд темекіні қайтарудан бас тартып, сатушы полиция шақырған. Оқиға орнына келген полицейлер оның қолына кісен салып, көлікке отырғызбақ болған, бірақ Флойд қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде Шовин Флойдтың мойнына тізесімен басып 9 минуттай отырады және ер адам қозғалуды тоқтатқан кезде де ол орнынан тұрмаған. Біраз уақыттан кейін ауруханада Флойдтың қайтыс болғаны анықталады.

Шілде айында Шовин 2021 жылы Флойдты өлтіргені үшін 22,5 жылға бас бостандығынан айырылды, кейін жәбірленушінің азаматтық құқықтарын бұзғаны үшін тағы 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол екі мерзімін де қатар өтейді.

Талқылау