Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХАМАС кепілге алынғандардың үшінші тобын босатты: Оның ішінде 13 израильдік пен төрт шетел азаматы бар

Хамас содырлары кепілге алынған адамдардың үшінші тобын босатты. Оларды 7 қазанда ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

ХАМАС пленники

Жексенбі күні босатылуы жоспарланған кепілге алынғандардың келесі тобы Қызыл Крест өкілдеріне тапсырылған. Олардың ішінде 13 израильдік, қос ресей-израиль азаматтығы бар бір адам және үш Тайланд азаматы бар.

Қазіргі уақытта олардың барлығы ЦАХАЛ (Израиль әскері – ред.) әскерилерінің бақылауында. Оның орнына 39 палестиналық ХАМАС мүшелеріне берілуі керек.



Мысыр билігі "бітім кедергісіз жүріп жатқанын" атап өтті. Жексенбі күні Мысыр да Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген 120 жүк көлігі, жанар-жағармайы бар екі жүк көлігі және ас газы бар екі жүк көлігін жіберген.

Талқылау