"АҚШ-та болуы мүмкін" - Ішкі істер министрі Бейбіт Шүменовтің елден қашып кетуі туралы айтты
Боксшы Бейбіт Шүменовтың Қазақстаннан қашып кетуіне байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Жеке нұсқаулар жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ол АҚШ-та болуы мүмкін. Қазір жеке нұсқаулар жіберілді, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыс орташа ауырлық санатына жатады. Тіпті мұндай жағдайда да әрекет ету қарастырылған. Қайта оралған жағдайда оның қатысуымен толыққанды сот тергеуі жүргізіліп, заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ министр "егер мен бұл істі полицияның әрекетсіздігі деп санамасам, жауапты адамдарды қызметінен босатпайтын едім" деді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада "Мега" сауда орталығындағы дәмханада боксшы Бейбіт Шүменовтың қолында баласы бар әкені ұрып-соққаны және Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланғанын жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған