АҚШ-та алматылық медициналық сақтандыру құжаты болмағандықтан ауырып қайтыс болды
АҚШ-та қарашаның 14-інен 15-іне қараған түні 1990 жылғы алматылық Еркін Балғымбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл жайлы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді. Туыстары жігіттің басы қатты ауырғанын, алайда оның медциналық сақтандыру қағазы болмағандықтан емханаға бара алмағанын айтады. Ақыры есінен танған жігіт жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Жігіттің өлімінің себебі әзірге айтылған жоқ. АҚШ-та туыстары рұқсат бермейінше, дәрігерлер ешқандай ақпрат айпайды. Жігіттің артында әйелі мен екі баласы қалды. Марқұм жігіт Хьюстонда өз ақшасына білім алған. Елшілік марқұмның денесін елге қайтаруға көмек көрсетуде.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда 2017 жылдан бастап оқушылар көлік жүргізуді үйренеді
Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады
Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты