Нью-Йорк қаласы су астында қалды: Табиғи апат 45 адамның өмірін қиды
АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы "Ида" құйыны салдарынан қаза болғандар саны 45 адамға жетті, деп хабарлайды CNN телекомпаниясы.
Ең қатты зардап шеккен Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында ондаған адам көз жұмды. Пенсильвания штатында да опат болғандар бар.
Ал бұған дейін, АҚШ-тың солтүстік-шығысында 29 адамның көз жұмғаны хабарланған еді. Сәрсенбі күні үш штаттың билігі "Ида" құйынына байланысты өз аумақтарында төтенше жағдай режимін енгізді.
Бірнеше сағаттың ішінде Нью-Йоркте 15-25 cм жауын-шашын түскен. Жергілікті тұрғындардың телефондарына су басу және торнадо қаупі туралы хабарлама келген.
Бруклин мен Квинс аудандарында жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде көшелер, үйлер, метрополитен стансаларын су басқаны туралы жазды. Нөсер жауын салдарынан үш қалалық әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған, қалада өтіп жатқан АҚШ-тың теннистен Ашық чемпионатының (US Open) бірнеше матчы тоқтатылды.
Some subway system ya got there. This is the 157th St. 1 line right now. @NYCMayor @BilldeBlasio pic.twitter.com/xyfTAUPPNu
— Paullee 🤠 (@PaulleeWR) July 8, 2021
And…an attempt. pic.twitter.com/VHk3Rnv6zd
— Paullee 🤠 (@PaulleeWR) July 8, 2021
This looks more like a subway car wash than a subway station. This flooding has to be doing an incredible amount of damage to the NYC subway system. pic.twitter.com/bgtMbjiHvM
— Mike Saccone (@mikesacconetv) September 2, 2021