АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға Pfizer вакцинасын салмақ
АҚШ-та 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы егуді бастауды жоспарлап отыр. Иммунизация үшін Pfizer препараты қолданылады. Вакцинация ақпан айының соңында басталады деп күтілуде, деп хабарлады Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Бірқатар елде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Түркияда — 102 601, Оңтүстік Кореяда — 20 270, Словакияда-20 224.
Ал Қазақстанда өткен тәулікте 7 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, 16 мыңнан аса адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта Түркістан облысы қауіпсіздік деңгейі бойынша "жасыл" аймақта болса, Шымкент қаласы, Қызылорда және Маңғыстау облыстары "сары аймақта. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, сондай-ақ, қалған 11 облыс "қызыл" аймақта тұр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды