АҚШ әскері Сириядағы ДАИШ-тың басшысын өлтірді
АҚШ әскери күштері Сириядағы ДАИШ "Ислам мемлекетінің" (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшысын жеңгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

7 шілдеде MQ-9 ұшақтарымен Сирияға шабуыл жасалды. Соққы нәтижесінде Сирияның шығысындағы ДАИШ жетекшісі Усама әл-Мухаджир қаза тапты.
"Бүкіл аймақтағы ДАИШТІ жеңуге ниетті екенімізді анық айттық. ДАИШ тек белгілі бір аймаққа ғана емес, барлық жерге қауіп төндіреді", – деді АҚШ орталық қолбасшылығының генералы Майкл Эрик Курилла.
Әзірге әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза тапты ма, жоқ па, белгісіз. Коалиция бейбіт тұрғындардың жарақат алғаны туралы хабарламаларды тексереді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар