Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ сенаты Дональд Трампты ақтап шықты

АҚШ президенті Дональд Трамп импичменттің барлық бөлімдері бойынша ақталып алынды. Бұл дегеніміз үрдістің толығымен күйреуін білдіреді. Сенаторлардың қорытынды дауыс беруі Конгресстің сайтында тікелей эфирде көрсетіліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заң құрастырушылар мемлекет басшысын билікті асыра пайдаланды және Конгресстің қызметіне кедергі келтірді деген айыпты негізсіз деп тапқан. Бірінші айып бойынша Трамптың кінәлі еместігіне 100 сенатордың 52-сі дауыс берсе, екінші айыптауды 53 сенатор қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша президентті заң бұзды деп айып тағып, оның лауазымынан айыру үшін қажетті дауыстың үштен екісі (67 дауыс) жиналмады. Сол себепті Трамп кінәсіз деп табылып, президент мәртебесін сақтап қалды. 

Естеріңізге салайық, 2019 жылдың қыркүйек айында демократтар палатасы Трампқа қарсы импичмент үдерісін бастауды көтерген еді. 15 қаңтар күні парламент палатасы істі сенатқа жолдау туралы шешім шығарған. 31 қаңтар күні импичментке қатысты сенат отырысына куәгерлерді шақыру мақұлданбады. 

Демократтар АҚШ президенті Украина басшысы Владимир Зеленскийге қысым көрсетіп, оны Джон Байденнің ұлының жемқорлығын әшкерелеу барысына тартпақ болды деп айыптаған еді. Себебі Джо Байденнің ұлы 2020 жылы болатын президент сайлауында Трамптың мықты қарсыласына айналуына мүмкін екен. 

Трамп импичменті АҚШ тарихында аяқталған үшінші үрдіс болып табылады. Бұған дейін сенаторлар 1868 жылы Эндрю Джонсон мен 1999 жылы Билл Клинтонды ақтап шыққан. Ал 1974 жылы импичмент үдерісі басталмай жатып, Ричард Никсон өз еркімен президент лауазымынан бас тартқан. 

Импичмент мәселесі Қазақстанда да қарастырылған. Десек те еліміздегі жағдай АҚШ-тың заңнамасында көрсетілген жайттарға мүлдем ұқсамайтын көрінеді. 

Талқылау