Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ ресми түрде армяндарға жасалған геноцидті мойындады

АҚШ алғаш рет Осман империясының 1915 жылы армян ұлтына қарсы жүргізген әрекеттерін геноцид деп таныды. Мұндай мәлімдемені АҚШ президенті Джо Байден жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Байден

"Біз жыл сайын Осман империясының дәуірі кезінде жасалған геноцидтің құрбандары - армяндарды еске аламыз. Біз алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек. Америка тұрғындары 106 жыл бұрын жасалған геноцидтен көз жұмған армяндардың рухын құрмет тұтады", - деді АҚШ басшысы. 

Өз кезегінде Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян АҚШ басшының мәлімдемесіне "геноцидтің танылуын әлемдегі бүкіл армяндар жылы шыраймен қабылдады" деп жауап берді.  

Ал Армения президенті Армен Саркисян Байденнің бұл әрекетін нағыз батырлық және мұндай мәлімдемелер әлемді жақсартуға септігін тигізуде деп бағалады. 

Айта кетейік, Байден президенттік кампания барысында да өткен жылы армяндар геноцидін мақұлдау керек деп айтқан болатын. BBC мәліметінше, Байденнің бұл мәлімдемесі АҚШ пен Түркия арасындағы байланысқа нұқсан келтірмеуі керек. 

Талқылау