"АҚШ, Ресей, Грузияда активтерін сақтайды": Қазақстандық шенеуніктердің шетелде мыңнан астам жылжымайтын мүлкі бары анықталды
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазақстандық шенеуніктердің шетелде мыңнан астам жылжымайтын мүлкі бар. Олардың байлықтар 2023 жылы толтырылған декларациядан белгілі болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кірістер комитетінің мәліметінше, мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктердің дені Ресей мен Түркия елдерінен баспана мен коммерциялық нысандарды сатып алған.
Ал, көлік, құнды қағаздар мен басқа да активтерді АҚШ, Ресей мен Грузияда сақтауды жөн санайды екен. Бұл мәліметтерді азаматтар 2023 жылы толтырған декларацияда көрсеткен.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық шенеуніктер өзімен бірге жұмыс істейтін туыстары туралы хабарлауға міндеттелді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"