Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенттігіне үміткер сайлау додасынан бас тартып, енді Трампты қолдайтынын мәлімдеді

Флорида штатының губернаторы, республикашыл Рон Десантис АҚШ президенттігіне үміткерліктен бас тартатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: wctechblog.com

Рон Десантис жеңіске апаратын жол анық болмағандықтан, өзін қолдайтын адамдардан босқа уақыт құртпауын сұрады. 

"Мені қалаған нәтижеме жеткізетін бір ғана нәрсе бар. Ол – үгіт-насихат шаралары мен сұхбаттар”, – деді ол. 

Осы сөздерден кейін ол өзінің сайлауалды науқанын тоқтатқанын хабарлады. Рон Десантис партия мүшесі Дональд Трампты қолдайтынын атап өтті.

16 қаңтарда америкалық кәсіпкер және АҚШ президенттігіне үміткер Вивек Рамасвами Айовадағы праймеризден кейін сайлау додасынан шығып, Дональд Трампты қолдайтынын айтты.

Сондай-ақ Нью-Джерси штатының экс-губернаторы Крис Кристи АҚШ-тағы сайлау додасынан бас тартуға ниетті екенін мәлімдеді.

Талқылау