АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің "кілтін" сыйға тартты

Биыл Ақ үйде Қазақстан елшісі Мағжан Ільясовтың АҚШ президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Кейіннен президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде олардың кездесу нәтижелері туралы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Руслан Желдібайдың айтуынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен. Сол кезде Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсері туралы айтты.
“Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты “халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам” деп сипаттады”, – делінген жазбада.
Фото: Тelegram.org/ruslanzheldibay
- Трамп Тоқаевты парасатты тұлға деп атап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты
- Трампқа Қазақстаннан не керек және АҚШ біздің елге не бере алады?
Сондай-ақ Трамп мемлекет басшысына АҚШ Президенті Тоқаевқа сый-сыяпат жолдаған. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.
Еске салайық, 7 қарашада Тоқаев пен Трамп құны 17 миллиард доллардан асатын келісімге қол қойған еді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?