Трамп Тоқаевты парасатты тұлға деп атап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты

Фото: Ақорда
“Орталық Азия – АҚШ” саммиті кезінде журналистер Трампқа жасалған келісімдер мен Қазақстанға сапары туралы сұрақ қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма”, – деген сауал қойды.
Трамп Қазақстанға баруы әбден мүмкін екенін айтты.
“Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты президентіңіз бар”, – деп жауап берді Дональд Трамп.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар