Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті Джо Байден Израильге барады

АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні Израильге барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Svoboda.org басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: tamil.oneindia

Президенттің мақсаты – ел тарихындағы ең қанды лаңкестік әрекеттің құрбаны болған израильдіктермен ынтымақтастықты көрсету. Джо Байден президенттік қызметінде екінші рет соғысып жатқан елге барғалы отыр. 

Израильде АҚШ президенті премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен және басқа да ел басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, Джо Байден израильдіктердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не қалайтынын тікелей тыңдағысы келеді.

АҚШ президенті Иорданияға да барады, онда Иордания королімен, Мысыр президентімен және Палестина билігінің басшысымен кездесуі жоспарланған. Байден олармен Газаның бейбіт тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқыламақшы.

АҚШ президентінің Израильге сапары Израиль армиясы Газа секторында құрлық операциясына дайындалып жатыр, оның мақсаты лаңкестер тізіміне енген ХАМАС радикалдық тобын жою. 

Айта кетейік, 7 қазанда Хамастың Израильге басып кіруі нәтижесінде мыңнан астам израильдік қаза тауып, Израиль армиясының мәліметінше, екі жүзге жуық адам кепілге алынған еді. Хамас Израильге зымыран атқылауын әлі де жалғастыруда. Әуе шабуылы дүйсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Израиль премьер-министрінің кездесуі кезінде орын алды. Олар кездесуді бомба қоймасында жалғастыруға мәжбүр болды.

Талқылау