Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Ұлыбритания арнайы күштерінің Зеленскийді Киевтен алып кетуге дайындалып жатқаны хабарланды

SAS-тың (Британдық арнайы әуе қызметі) 70-тен астам жауынгері және америкалық элиталық арнайы күштердің 150 әскери қызметкері Украина президенті Владимир Зеленскийді Киевтен алып шықпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Владимир Зеленский

Басылымның мәліметінше, егер Зеленскийдің өзі сұраса, эвакуация түнгі уақытта жүзеге асуы мүмкін. Әзірге арнайы жасақ Литвадағы әскери базада Украинадан келген әскерилермен бірге дайындық өткізуде. Бұл ретте газет Украина басшысының қай елге эвакуациялайтыны туралы айтпайды.

Бұған дейін Зеленский эвакуация туралы ақпаратты жоққа шығарып, халыққа жолдаған бейнеүндеуінде өзінің Киевте екенін және ешқайда кетпегенін айтқан.

Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.



"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Талқылау