АҚШ Қазақстаннан жер жалға алмақ: Сенат келісімді ратификациялады
Фото: pixabay.com
Сенат Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Алматыда консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін АҚШ-қа жер телімін жалға беру туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Америка Құрама Штаттары Алматыда бас консулдықтың жаңа ғимаратын салу үшін шамамен 7 гектар (70 593 шаршы метр) жер учаскесін 49 жыл мерзімге жалға алады. Америка Құрама Штаттары келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде біржолғы төлеммен 25,3 миллион доллар төлейді.
Шартқа сәйкес, АҚШ салық пен кедендік баж салығынан босатылады. Олар ғимаратты салуға, күтіп ұстауға, жөндеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған барлық шығынды өз мойнына алады.
Аумақта консулдық ғимаратынан бөлек, АҚШ-тың Қазақстандағы Сауда министрлігінің өкілдігі, АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес агенттігінің кеңселерін ашу жоспарланған.
Заң әзірлеушілер жаңа консулдық Орталық Азиядағы ең ірі визалық орталыққа айналады. Бұл Қазақстанның имиджін көтеруге, инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға, бизнес пен қызмет көрсету саласын дамытуға септігін тигізуге тиіс.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, Алматыдағы қазіргі консулдық қызметкерлері жаңа ғимарат салынған кезде соған көшеді.
Қазір Алматыда Америка консулдығы орналасқан екі ғимарат бар, оларды жекеменшік тәртіппен жалға алып отыр. Сондықтан жаңа Бас консулдық ғимараты салынып, ашылғанда, әрине, осы бас консулдық қызметкерлерінің барлығы жаңа ғимаратқа көшеді. Шатты кеңейту жоспарларына келетін болсақ, шынымды айтсам, ол жағын білмейді екенмін. Толық инфрақұрылымы бар толыққанды ғимарат болатынына сүйене отырып, менің ойымша, біршама кеңеюі мүмкін. Бірақ ол жағы белгісіз – америкалық тараппен жұмыс істеу керек", - деді министрдің орынбасары Сенат кулуарында.
Ел президенті ратификацияланған келісімге қол қойған кезде әкімдік пен Бас консулдық қосымша келісім жасап, жаңа ғимараттың құрылысы басталады.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
