АҚШ Қазақстанмен Ресейге салынған санкцияны айналып өту жолдарын талқыламақ
АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг орталық Азия елдерін аралауды жоспарлап отыр. Сапар аясында Қазақстан билігімен Ресейге салынған санкцияны айналып өту жолдарын да талқыламақ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы lenta.ru жазды. Дерекке сүйенсек, Элизабет Розенберг сәуір айының 23 мен 26-сы аралығында Орталық Азия елдеріне сапарлайды. Осы жұмыс кестесінің аясында Қазақстан билігімен де кездеспек. Әрі ол Мәскеуге қарсы санкцияларды айналып өтудің жолын, сондай-ақ тығыз ынтымақтастық, ақпарат алмасу және сауда тенденцияларын талқылауды көздеп отыр.
Ақпаратта АҚШ-тың Ресей Федерациясының санкцияны айналып өтуіне көмектескен 20 мемлекеттік компаниясына шектеу қойғаны да жазылған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі