АҚШ Қазақстанда "америкалық бұрыштарды" дамытуға ниетті
АҚШ Қазақстанда "америкалық бұрыштарды" дамытпақ. Қаржыландыру жобасын мемлекеттік департамент ұсынды, құжатпен RT-де танысты.

Ведомство осы орындарды дамыту үшін әрқайсысы 2,5 мыңнан 50 мың долларға дейін 30-ға жуық грант бөлгісі келеді.
"Америкалық бұрыштар" - кәсіпкерлік, экономика, медиа-сауаттылық, мәдени мұра, инновация, климаттық және басқа мәселелер бойынша білім беру бағдарламалары өткізілетін республикадағы мәдени және білім беру орталықтары.
Болашақта ұсынылған бағдарламалар басқа америкалық орталықтарда да енгізілуі мүмкін: мысалы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Шымкент және Қарағандыда орналасқан. Гранттар конкурсына қазақстандық, сондай-ақ америкалық коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады. Сонымен қатар, білім беру мекемелері де қатысу үшін шақырылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған