Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Газадағы бейбіт тұрғындардың өлімінен кейін Израильді соғысты тоқтатуға шақырды

Израильдің Газа секторының солтүстігіндегі бес қабатты тұрғын үйге әуе шабуылын жасады. Салдарынан 93 адам қаза тауып, із-түзсіз жоғалды. Америка Құрама Штаты бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты Израильді соғысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC/AFP

Әуе шабуылы сейсенбіге қараған түні Бейт-Лахия аймағында болды. Алғашында 93 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам із-түзсіз жоғалған деген ақпарат тарады. Төтенше жағдай қызметі ондаған адам үйінді астында қалып қойғанын мәлім етті.

Кейін қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандарды қоса алғанда жалпы саны 93 адам болғаны анықталды. Бұл деректер Хамас басқаратын Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінен алынды. Сондай-ақ ақпарат тәуелсіз тексеруді қажет етеді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Вашингтонды әуе шабуылы салдарынан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болғаны қатты алаңдататынын жеткізді.

“Бұл жантүршігерлік оқиғаның салдары қорқынышты. Осы соңғы шабуыл кезінде бейбіт тұрғындар ажал құшты. Бұл соғысты тоқтату керек деген ескерту деп ойлаймын", - деді Миллер.

ЦАХАЛ қаза тапқан тұрғындар туралы ақпаратты тексеріп жатыр. 

Қаза тапқан адамдардан бөлек, шабуыл салдарынан 150-ге тарта тұрғын жарақат алған. 

 

Соңғы екі аптада Израиль әскері Газа секторының солтүстігінде, атап айтқанда Джабалия, Бейт Ханун және Бейт-Лахияда ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Израиль әскерінің айтуынша, жауынгерлер жасағы бейбіт тұрғындардың арасына жасырынып жүр. Ал ХАМАС өз кезегінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Талқылау