Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ елшілігі америкалық ковбоилардың көкпарға қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

Қазақстандағы АҚШ елшілігі көңіл толқытарлық ерекше видео жариялады. Америкалық ковбоилар Қазақстанда болатын ұлттық ойын көкпарға дайындалуда.

6556

Бейнежазбаны Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Фейсбуктегі ресми парақшасы жариялады. Автор “Ат үстіндегі регби немесе америкалықтар көкпарды жақсы көріп қалды” деп жазады.

Жақын уақытта америкалық ковбоилар Қазақстанға келіп, ұлттық ойын ойнап, тәжірибе алмаспақ. Елші Джордж Крол ковбоилардың Қазақстанға тамыз айында келетінін айтты.

“Ковбоилар АҚШ-тың әр штатынан келеді. Олардың мұнда қалай ойнайтынын көреміз. Бұл қазақтардың ұлттық ойыны, енді америкалықтар да нашар ойнамайды деп сенеміз”, – деді Крол.

Оның айтуынша, америкалықтар былтыр Қырғызстандағы дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан. Сондықтан аздаған тәжірибелері де бар.

Тамыз айында болатын көкпар ойыны ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткізілмек.

Оқи отырыңыз:

Қанат Исламның бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар анықталды

АҚШ-та қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Головкин мен Альварестің кездесуін кинотеатрлардан көрсетуі мүмкін

“Аякстың” 20 жастағы футболшысы енді ешқашан сөйлеп, жүріп, адам тани алмай қалуы мүмкін (видео)

Талқылау